<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><author>Нургуль Амзеева</author>
<title>Сенің алдыңда</title>
<lyrics>[V1]
 Сенің алдыңда,
 Тәңірім ғажап өмір сүремін
 Сенің қасыңда
 Жеңіс туын биік көтеремін.
 Ізгілік заңы, шындықтың таңы
 Жарқырасын мәңгі.

[C1]
   О, Иса, Сен мәңгі тірісің
   Қасиетті, мейірімдісің
   Жүрегімнің төріне қоншы, Құдай
   Тірегімсің асқар таудай.

[V2]
 Саған мәңгілік,
 Арналады менің жүрегім.
 Саған жыр болып,
 Айтылады менің тілегім
 Өмір жолында, алшы қолыңа
 Жетелеші мені.</lyrics>
</song>